Астананың Тұран даңғылындағы бір учаскеде қозғалыс уақытша жабылады

Сурет: pixabay
Құрылыс-монтаждау жұмысына байланысты биыл 2-20 тамыз аралығында Тұран даңғылының негізгі қозғалыс белдеулері бойынша Хусейн Бен Талал көшесінен әуежайға қарай екі жаққа қозғалыс жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлік қозғалысы екінші реттік съездер бойынша жүзеге асады. Сонымен қатар 26 шілдеден 26 тамызға дейін Мәңгілік ел даңғылынан Хусейн Бен Талал көшесі бойындағы екінші реттік жол бойымен 6 жылу магистралін салу бойынша жұмыс жүргізу үшін қозғалыс толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Сурет: Астана әкімдігі

"Астананың Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының келісімімен республикалық Бас мешіт ауданындағы тұрғын үйлерді орталық жылытумен қамтамасыз ету мақсатында қаланың отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы НС-14-тен ТМ-47-ге дейінгі магистральдық жылу трассасын салу аясында жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды