Алматыда Грузия азаматы фишинг-алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Сурет: Zakon.kz
"CyberPol" бөлімшесінің хабарлауынша, арнайы іс-шара барысында шетелдіктің қылмыстық әрекетінің жолы кесілді.

Жедел мәліметтерге сәйкес, 41 жастағы Грузия азаматы Алматы қаласындағы бірқатар алаяқтыққа қатысы бар екендігі анықталды.

Ол екінші деңгейлі банктерден несие алуға өтініш білдірген азаматтардың ақшасын алдап, фишингтік жолмен иемденіп келген.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, шетелдік азамат бірнеше жыл бойы бұл алдау тізбегімен айналысқан болуы мүмкін. Қазіргі уақытта оның басқа да осыған ұқсас деректерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

ЦентрКредит Банкі балаларға арналған қаржы сауаттылығы жайлы кітапты клиенттерге тарту етті

Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді