Шымкентте жүк көлігі тоқтап тұрған 8 жеңіл көлікті соқты

Сурет: otyrar.kz
Шымкентте Howo миксер жүк көлігі 8 жеңіл көлікті соққан, - деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 26 шілдеде сағат 10:15 шамасында болған. "Самал" базарына қарай жүріп бара жатқан жүк көлігі Рысқұлов және Қазиев көшелерінің қиылысындағы бағдаршамда тоқтап тұрған 8  автокөлікті соққан.

Салдарынан Mazda автокөлігінің жүргізушісі және Toyota Camry көлігінің жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Жүк көлігінің тежеуіші кенеттен істен шыққан. Ал оны тізгіндеген жүргізушінің жүк көлігін басқару құқы жоқ екені анықталған. Оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 3-бөлімі бойынша хаттама толтырылды.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?