Астана тұрғындары пәтерге ұрлыққа түскен азаматты ұстап алды

Сурет: astanatv
Астана тұрғындары пәтерге ұрлыққа түскен азаматты ұстап алды. Күдікті Абылайхан даңғылы бойындағы пәтерлердің біріне кіріп зергерлік бұйымдар салынған сандықшаны қолды еткен, деп хабарлайды Zakon.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Ең қызығы, есік ашық болған. Үй иелері ұйықтап жатқан. Алайда тұрғындар дер кезінде ұрының соңына түсіп, оны үй маңынан ұстаған.

Айта кетейік, 26 жастағы күдікті бұған дейін де бірнеше рет істі болғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта жігіт ұрлық жасағанын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме