Енді оқушыларға барлық пән бойынша баға қойылатын болады
Сурет: gov.kz
Қазақстанда оқушыларды оқыту нәтижелері барлық пән бойынша бағаланатын болады. Бұл туралы 2026 жылдың 25 тамызында ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол бұған дейін жеке бағаланбаған "Цифрлық сауаттылық", "Еңбекке баулу", "Бейнелеу өнері", "Музыка" және "Дене шынықтыру" пәндері бойынша формативтік бағалау жүргізілетінін нақтылады. Аралық бағалау тоқсанына бір рет өткізіледі.
"Бұл пәндер бастауыш білім берудің жалпы мазмұнына кіреді және әр пән баланың белгілі бір білімі мен дағдысын қалыптастырады. Сондықтан оқу бағдарламасында белгіленген нәтижелердің барлық пән бойынша көрініс табуы маңызды", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, бұл жағдай қосымша жазбаша бақылау жұмыстарын көбейтпейді, керісінше, пәннің ерекшелігіне сәйкес сабақ барысында орындалатын практикалық, шығармашылық, жобалық, зерттеу, спорттық, жеке және командалық жұмыстардың нәтижесіне негізделеді.
Бұған дейін Қазақстанда оқушыларды бағалаудың жаңа форматы енгізілгені, енді ТЖБ деген болмайтыны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript