Бастауыш сынып оқушыларының білімі барлық пән бойынша бағаланады

Первоклассники, первый класс, школьники, ученики младших классов, начальные классы, школа, 1 сентября, первое сентября, школьная линейка, День знаний, первый звонок, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2026 16:58 Фото: Zakon.kz
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова 2026 жылғы 17 тамызда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бастауыш сынып оқушыларының білімін бағалау жүйесіне енгізілетін маңызды өзгеріс туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, енді оқушылардың оқу нәтижесі барлық пән бойынша бағаланады.

"Бұған дейін жеке бағаланбаған "Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект", "Еңбекке баулу", "Бейнелеу өнері", "Музыка" және "Дене шынықтыру" пәндері бойынша күнделікті қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Ал аралық бағалау тоқсанына бір рет өткізіледі. Бағалау әр пәннің ерекшелігіне қарай практикалық, шығармашылық, жобалық, зерттеу, спорттық, жеке және топтық жұмыстар арқылы жүргізіледі", – деді Шынар Ақпарова.

Ол тоқсандық баға автоматты түрде қойылатынын да мәлімдеді.

Тоқсандық баға мынадай тәртіппен қалыптастырылады:

  • 50% – қалыптастырушы бағалау нәтижесі;
  • 50% – аралық бағалау нәтижесі.
"Осылайша тоқсандық бағада баланың тоқсан бойындағы күнделікті еңбегі мен оқу бағдарламасының жекелеген бөлімдерін аяқтағаннан кейін көрсеткен нәтижесі тең дәрежеде ескеріледі", – деп толықтырды бірінші вице-министр.

Бастауыш сынып оқушыларының білімін бағалауға енгізілетін өзге де өзгерістер туралы осы материалдан оқуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: