Қорғаныс министрлігі Ресейге әскери техниканы не себепті тасымалдағанын түсіндірді

Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қорғаныс министрлігі Ресейге әскери техниканы тасымалдау туралы әлеуметтік желілерге шыққан ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстандық әскери техниканы Ресей Федерациясына жөнелтіп жатыр деген мәліметтер шындыққа жанаспайды. Аталған әскери техниканың Қазақстан Республикасына қатысы жоқ, бұл халықаралық уағдаластықтар шеңберінде Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жоспарлы жөндеу жүргізу үшін жіберіліп жатқан үшінші елдің меншігі болып есептеледі". Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Ведомство 2022 жылғы 27 тамыздан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын ескертті.


"Осыған байланысты, азаматтардан негізсіз материалдарға мән бермей, тек ресми дереккөздерге сенуін сұраймыз", - делінген хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды