Астанада:
1 тамызда көшпелі бұлт жүріп, күн райы жауын-шашынсыз болады деп болжанады. Түнде ауа температурасы: + 15 + 17°С, күндіз: + 29 + 31°С;
2 тамыз - күн райы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде: + 17 + 19°С, күндіз: + 32 + 34°С;
3 тамыз - күн райы құбылмалы, аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +19+21°С, күндіз: +29+31°С.
Алматыда:
1 тамызда аспан бұлтты болып, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: + 20 + 22°С, күндіз: +34 + 36°С;
2-3 тамызда күн райы жауын-шашынсыз, аспанда көшпелі жүреді деп болжанады. Соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +21 + 23°С, күндіз: +35 + 37°С.
Шымкентте:
1 тамыз - аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: + 22 + 24°С, күндіз: + 38 + 40°С;
2-3 тамызда көшпелі бұлт жүреді, күн райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +22+24°С, күндіз: +38+40°С.