Алматыда әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы тағы да ішінара шектеледі

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Алматыда әл-Фараби даңғылы бойында Есентай өзені арқылы өтетін көпірден Қожанов көшесіне дейінгі учаскеде асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты даңғыл бойындағы қозғалыс тағы да ішінара жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық мобильділік басқармасы 1 тамызда сағат 23-00-ден 3 тамызда сағат 07-00-ге дейін полимерлі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты аталған жол учаскесінде көлік қозғалысы толығымен шектеледі

"2 тамызда сағат 07-00-ден 24-00-ге дейін Сырғабеков көшесі мен Есентай өзенінен өтетін көпір аралығында реверсивті қозғалыс болады. Батыс және шығыс бағыттағы жолақтар санын қалыптасқан жағдайға қарай патрульдік полиция қызметкерлері анықтайтын болады. Қараңғы уақытта жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 3 тамызда сағат 00-00 мен 07-00 аралығында аталған учаскеде батыс бағытта көлік қозғалысы толығымен шектеледі", делінген хабарламада.


Құзырлы мекеме 1 тамызда сағат 23-00-ден 3 тамызда сағат 7-00 аралығында Ботаникалық баққа Қозыбаев көшесінен кіріп шығатын жол, Әл-Фараби даңғылынан Ходжанов көшесіне бұрылатын жол толығымен жабық болатынын да ескертеді.

"Айналып өту Жароков, Ходжанов және Қозыбаев көшелері арқылы ұйымдастырылады. Ходжанов көшесінен Әл-Фараби даңғылына батыс бағытта бұрылыс ашық болады". Алматы қалалық мобильділік басқармасы
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін