Алматы әкімі Ерболат Досаев Бекмұхаметовтер отбасына көңіл айтты

Сурет: видео скрині
Алматы әкімі Ерболат Досаев Ақкент шағын ауданындағы өрттен қаза тапқан әйелдің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Қайрат Жармұхамедұлы мен Жұмагүл Жұмашқызы, сіздердің қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын! Әселдің өмірден мезгілсіз өтуі сіздер үшін ғана емес, барлық алматылықтар үшін орны толмас ауыр қайғы. Туған баласынан айырылу ата-ана үшін өте ауыр. Орны толмас ауыр қазада сіздерге сабыр мен төзімділік тілеймін. Сіздердің қыздарыңыз, Әселдің әпкесі Айжанның тезірек сауығып кетуін тілеймін". Алматы әкімі Ерболат Досаев

Досаевтың оның толық сауығуы үшін барлық қажетті медициналық көмек берілетінін айтты.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы көпқабаттағы үйдегі өрттен зардап шеккен бір әйел қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Алатау ауданы Ақкент шағын ауданы, 54 мекенжайында болған өрттен 43 адам зардап шеккен. 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр, тағы төртеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді, үш баланың ата-анасы ауруханаға жатқызудан бас тартты.

12 ересек қалалық көпбейінді ауруханаларға жеткізілді, соның ішінде 5 адам ауруханаға жатқызылды, басқалары қажетті жедел медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық бақылауға жіберілді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті