СҚО полицейлері 2,5 мың литр контрафактілік алкоголь анықтады

Сурет: pexels
СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс аудандарының бірінің 33 жастағы тұрғынының құрамында спирті бар өнімнің заңсыз айналымына қатысы бары туралы ақпарат алды.

Петропавл қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, облыс орталығының аумағында ГАЗель көлігін басқарған ауыл тұрғынын тоқтатты. Жүк көлігінен контрафактілік арақ құйылған бес литрлік 500 пластикалық ыдыс алынды.

Қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері ҚР ӘҚБтК- 463-бабы бойынша материал жинады.

"Контрафактілік алкогольді тұтыну – өмір мен денсаулыққа қауіпті. Сонымен қатар алкогольдік ішімдіктердің заңсыз айналымы мас күйде қылмыс жасау қаупін арттырады. Қаңтар айынан бастап облыста ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, осындай бірнеше фактілерді тексерді, нәтижесінде заңсыз айналымнан 2144 литр алкоголь тәркіленді", – деді СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы Рахат Нұрахметов.

СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының мәліметінше, облыста жыл басынан бері 4820 литрден астам құрамында спирт бар заңсыз өнім тәркіленді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті