Астана, Алматы және Шымкент қалалары: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Сурет: pexels
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада:

3 тамызда көшпелі бұлт жүріп, аракідік жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп болжанады. Солтүстіктен соққан желдің екпіні - 7-12 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: + 17... + 19°С, күндіз: + 30... + 32°С;

4 тамызда күн құбылмалы, көшпелі бұлт жүреді, аракідік жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі ықтимал. Солтүстік, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: + 16... + 18°С, күндіз + 28... + 30°С;

5 тамызда күн құбылмалы, көшпелі бұлт жүреді, аракідік жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түсуі ықтимал. Солтүстік, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +16... +18°С, күндіз: +26... +28°С.

Алматыда:

3 тамыз - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: + 23... + 25°С, күндіз: + 35... + 37°С;

4 тамыз - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: + 23... + 25°С, күндіз: + 35... + 37°С;

5 тамыз - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +23... +25°С, күндіз: +36... +38°С.

Шымкентте:

3 тамыз - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +22... + 24°С, күндіз: + 37... + 39°С;

4-5 тамыз - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +21... +23°С, күндіз: +37... +39°С.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша  3-5 тамызға арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.

Алматы
Шымкент
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды