Алматыда өртенген үйдің тұрғындары уақытша орталықта жатқысы келмейді

Алматыда өрттен кейін далада қалған көпқабатты үйдің тұрғындары наразылық білдірді. Олар әкімдіктің мектепте ұйымдастырған уақытша орталығына жатқысы келмейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал қонақүй немесе аяқасты пәтер жалдау құны тым қымбат. Жергілікті билік ұсынған қаржы оның біріне де жетпейді дейді олар. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

"Біз мынандай проблемамен кездесіп тұрмыз. Олар "Ресми жалға берілетін пәтер табыңдар" дейді. Бүгін "Ондай болмаса" деп талап қойдық. Себебі, өздеріңіз білетіндей, ресми түрде жалға беретіндер аз. Мектепте сабақ басталайын деп жатыр. Бәрі оны біліп тұр. Содан кейін қымбат сұрап отыр. Екі-үш айға ешкім бергісі келмейді. Сол жағы бізге проблема". Мирас Игібаев

16 қабатты үйде 96 отбасы тұрған. Жартысынан көбі - мемлекеттік бағдарламамен жалға алынған баспана. Оқиға орнына барған аудан әкімі жаңа ұсыныс айтты: пәтерді әр отбасы өзі табуға тиіс. Тек бір бөлмелі баспана – 200 мың, екі бөлмелі – 300 мың, үш бөлмелі пәтер – 400 мың теңгеден аспауы қажет және бәрі ресми болуы міндеттелген.

Әр тұрғын өзі жалдап тұратын үй иесімен жасасқан келісім құжаты мен баспананың мекенжайын көрсетуі керек. Көмек екі айға қарастырылған. Өйткені өрт шыққан үйдегі қайта қалпына келтіру жұмысын сол аралықта аяқталады. Бірінші қабаттан тоғызыншы қабатқа дейін электр желісі түгел ауыстырылып, пәтерлер тазартылады. Тұрғындар өз үйіне қыркүйектің соңына қарай орала алады. Оған дейін дүние-мүліктің сақтығы да бақылауда болады.

"Депозит - әркімнің өзінің мүлікке деген жауапкершілігі. Сондықтан депозитті өзі төлеуге міндетті. Өйткені мемлекет төлей алмайды. Бұл - бірінші сұрақ. Екіншісі - басқа ықшамауданға кетіп жатсақ, мектепті, балалардың мектепке орналасуы, балалардың балабақшаға орналасуы деген сұрақ туындап жатыр. Бұған біз әкімшілік ретінде көмек береміз".Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков
Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: