СҚО полицейлері құны 34 млн теңге болатын гербицид ұрлығының бетін ашты

Сурет: Zakon.kz
Солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер аса ірі мөлшердегі гербицид ұрлығының бетін ашу үшін 7 елді мекенге барып қайтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тайынша ауданы ПБ кезекші бөліміне ауыл шаруашылық кәсіпорындарының бірінің қауіпсіздік қызметінің бастығы жүгінді.

Ол жалпы соммасы 34 миллион теңге болатын гербицид құйылған 84 қораптың ұрланғанын айтқан. Улы химикаттар құлыпты бұзу арқылы қоймадан ұрланған. Қылмысты ашуға СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қосылды.

ҰҚҚКБ-ның аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі аудандық криминалдық полиция қызметкерімен бірлесіп, ұрланған заттардың сатылуы мүмкін орындары туралы ақпаратты тексеру үшін ауқымды жұмыс атқарды. Үш күнде олар Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарындағы 11 адамды тексерді. Нәтижесінде СҚО Тайынша ауданының 22 мен 32 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Ұрланған гербицидтер ұсталғандардың бірінің туысының үйінен тәркіленді.


"Қазіргі уақытта күдіктілер Ақмола облысында күзетпен қамауда отыр. Бұл факт ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Ауылшауаруашылық құрылымдарының басшылары өз объектілерінің техникалық нығайтылуын арттыруы қажет. Толыққанды бейнебақылау жүйесі, мықты есіктер мен құлыптар, терезелердегі торлар, күзет пен басқа да қорғау құралдары қылмыстық қолсұғушылықтардан қорғайды", – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Еңбек Сембин.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты