Ақтөбе облысында есірткі сатушы 12 жылға бас бостандығынан айырылды

Сурет: ҚР ІІМ
Азаматты 30 наурызда Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтөбе қаласы Сəңкібай батыр даңғылында орналасқан гараж кооперативінің аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұстаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шілде айында ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі және ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігімен қозғалған қылмыстық істі қарап, есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін Ақтөбе қаласының 34 жастағы тұрғынын кінəлі деп таныды.

Бұл азаматты 30 наурызда Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтөбе қаласы Сəңкібай батыр даңғылында орналасқан гараж кооперативінің аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұстаған.

Одан 100,5 келі марихуана және 1 келіден астам гашиш, сондай-ақ жалпы сомасы 1,3 млн теңгеден астам ақша тəркіленді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті