Алматыда су басу қаупінің алдын алу үшін түнгі кезекшілікке 34 бригада шығады

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
8 тамызда Алматыда нөсер жауды. Қаланың коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, су басудың алдын алу және оны жоюға 52 патрульдік бригада, 24 мотопомпа және 260 жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2 450 қап құм дайындалды. Барлық су басу жағдайларының көзі жойылды. 

"Түнгі кезекшілікке 34 патрульдік бригада, 26 мотопомпа және 102 жұмысшы шығады деп жоспарланып отыр", делінген хабарламада.

Төтенше жағдай бойынша шұғыл ұйымдастырылған кезекшілік деректері бойынша су басу бойынша азаматтардан өтініштер келіп түскен жоқ.

Сондай-ақ, сағат 19:00-ден соң нөсерден кейін көшелерде пайда болған су арық желілері арқылы қаланың төменгі бөлігіне ағып кетті және 20:00-дегі жағдай бойынша қала аумағында су басу жағдайы жоқ.

Бұған дейін Алматыда бірнеше жол учаскесін су басқаны хабарланған болатын.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Қазақстанның Азаматтық кодексіне қандай өзгерістер енгізу ұсынылды

Алматы-1 вокзалы жақын күндері ашылады

Президент жанындағы Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына өзгеріс енгізілді

"Халықтық құрылыс" бағдарламасы аясында Жетісу облысына 37 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді