Орал тұрғыны ағаштың бойымен бірдей қарасора өсірген

Сурет: polisia.kz
Орал тұрғыны ағаштың бойымен бірдей қарасора өсірген, табылған өсімдіктер сараптамаға жолданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның хабарлауынша, 4 тамыз күні Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Қарасора" жедел профилактикалық іс-шара жүргізу барысында қала жанындағы Коминтерн ауданында 1990 жылы туған тұрғынның үйінің ауласынан 60 түп қара-жасыл түсті, қарасораға ұқсас, өсіріп-баптау іздері бар өсімдіктер табылып, тәркіленді.

Табылған өсімдіктер сараптамаға жолданды.

Айта кету керек, кейбір бұталар ағаштың бойымен биік өскен.

ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда