Қазақстанның екі қаласында ауаның жоғары ластануы күтіледі

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 11 тамыз, жұма күні Алматы мен Ақтөбенің ауасында зиянды қоспалар көбейеді деп болжап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазгидромет мамандарының айтуынша, 11 тамызда Қазақстанның екі қаласында ауаның ластануы артады. Алматы мен Ақтөбе тұрғындары қолайсыз метеорологиялық жағдайдан сақ болуы керек.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Бұған дейін синоптиктер 11 тамыз, жұмаға арналған ауа райы болжамын да жасаған болатын.

Мамандардың айтуынша, Астана, Алматы қалаларында және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланған. Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр күтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы: Шымкентте "Ордабасы" командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

"Мыжылып, адам қысылып қалды". Алматы маңында екі көлік бетпе-бет соқтығысты

"Қар аралас жаңбыр жауады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында жетінші орын алды