Синоптиктер демалыс күндері елімізде жаңбыр жауып, күн суытатынын айтты

Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 12-13 тамызына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендеп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оңтүстік циклон Қазақстанға тұрақсыз ауа райы жағдайын әкеледі. Синоптиктердің болжауынша, республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында ара-тұра қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, жел 15-28 м/с-ке дейін күшейеді. Найзағай кезінде екпінді жел болуы мүмкін. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстікте, орталығында түнде және таңертең тұман түседі.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде күн ашық болады.

12-13 тамызда Атырау облысының оңтүстік-батысында – 42 градусқа дейін қатты ыстық болады, ал Қазақстан Республикасының солтүстік, шығыс және орталық облыстарында күн суытып, ауа температурасы 12-20 градусқа дейін төмендейді, еліміздің оңтүстік-шығысында ыстықтың беті қайтып, ауа температурасы 20-28 градус аралығында болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі