АҚШ-тың Алматыдағы жаңа бас консулы өзін қазақстандықтарға таныстырды

Жуырда қызметіне кіріскен АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы өзін қазақстандықтарға таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Алматыға 20 жыл бұрын алғаш келгенін және қонақжай Қазақстанға қайта оралғанына қуанышты екенін айтты.

Мишель Еркін тұрғындардан Алматыдағы түрлі қызықты локациялар және дәмді тағам әзірлейтін орындарды да сұраған.

"Қайырлы күн, достар! Менің атым - Мишель Еркін. Бүгін АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы ретінде қызметімді бастап отырмын. Бұны үлкен мәртебе деп білемін. Алматыға 20 жыл бұрын алғашқы дипломатиялық қызметімді атқару үшін келгенде-ақ ғашық болдым. Енді, міне, әдемі, қонақжай Қазақстанға қайта оралу қуанышына ие болдым. Мен қазақ тілін оқуды мұнда келмес бұрын бастадым. Енді тіл үйренуді қазақ тілінің отанында жүріп жалғастыратыныма ризамын. Әзірше отбасыммен Алматыны қайта танып, бұл қала мен Қазақстанның оңтүстігінің осы уақыт ішінде қалай өзгергенін көріп-білгіміз келеді. Ол үшін кеңестеріңізге құлақ түреміз. Осы өңірді танысуды қайдан, неден бастайық? Екі еліміздің достығын нығайту үшін бірге атқаратын әрбір ісімізді асыға күтемін. Сіздермен көп ұзамай кездесеміз деген үміттемін! Көріскенше, достар!".Мишель Еркін

Еске салайық, 4 тамызда Мишель Еркін АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа бас консулы болғаны хабарланған еді.

Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: