Азаматтық белсенді Сандуғаш Дүйсенова ұсталды

Сурет: instagram.com/angry_taldyk/
Талдықорғанда белгілі журналист, азаматтық белсенді Сандуғаш Дүйсенова ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның ұсталғаны туралы ақпарат Telegram-дағы каналдарда пайда болды. Кейін бұл ақпаратты Zakon.kz тілшісінің дереккөздері растады. Қолда бар ақпарат бойынша, Сандуғаш Дүйсенова ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы ("Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу") бойынша ұсталды.

Zakon.kz ресми түсінік алу үшін Жетісу облысының полиция департаментіне хабарласқанымен, әлі жауап ала алған жоқ.

Сандуғаш Дүйсенова – Жетісу мен Алматы облыстарына белгілі журналист. Оның Instagram-дағы парақшасына 48 мыңнан астам адам жазылған. 2023 жылғы наурызда ол бір мандатты сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттығына үміткер болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды