Жастарды саламаттылыққа баулыған Shymkent fest мәресіне жетті

Бүгін Абай саябағында Шымкенттің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен қалада алғаш рет өткен Shymkent fest жобасының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі ай мерзімге созылған фестиваль 14 бағытта, 12 мен 35 жас жастар арасында, "Хиты всех времен", "Tik-tok vs нағыз бишілер" би батл, Street workout-тан жастар арасында қалалық жарыс және мастер-класс, Shym youth life скейт және граффити шоу, NOSTALGIA GAME балалық шағымның ойындары фестивалі, Modern заманауи жастардың мүмкіндіктері тақырыбында арнайы сурет салу байқауы, үстел теннисінен, Brain blitz интеллектуалды сайысы және Sky movie кино көрсетілімі, ән-би жарыстары өтті.

Сурет: Шымкенттің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Shymkent fest жобасы - жаз мезгілінде қала жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, көше спорт түрлерін жастар арасында кеңінен дәріптеу және саламатты өмір салтын ұстануға баулуға бағытталған бірегей жоба.

Сурет: Шымкенттің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Жобаның жабылу салтанатына Шымкенттің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлы қатысып, фестивальге атсалысып, белсенділік танытқан жастарға алғысын айтып, қала жастарын "12 тамыз — Халықаралық жастар күнімен" құттықтады.

Сурет: Шымкенттің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Сонымен қатар фестивальге белсене қатысып, жеңіске жеткен жастар марапатталды. Кеш ән, биге жалғасты.

Сурет: Шымкенттің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Шымкент
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: