Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Республикасының Австриядағы Елшісі болып тағайындалды

Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрінің бұрынғы орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Австриядағы Елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 14 тамызда қол қойды.

"Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда таратқан ресми ақпаратта. 

Мемлекет басшысының екінші жарығымен Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Данат Өмірбайұлы Мұсаев Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді