Шымкентте 40 жастағы тұрғыннан қырым қанды безгегі анықталды

Сурет: Zakon.kz
Шымкентте 40 жастағы тұрғыннан қырым қанды безгегі анықталды. Қожалықта мал бағып жүргенде кене шаққан азаматтың дене қызуы көтеріліп, өзін жайсыз сезінген.

Ауруын әбден асқындырып барып ауруханаға жеткізілген. Қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, науқаспен қарым-қатынаста болған 21 адам оқшауланған, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазір дәрігерлердің бақылауында. Жағдайлары қалыпты дейді мамандар. Айта кетейік, жыл басынан бері шаһарда 600 ден астам тұрғынды кене шағып, медициналық көмекке жүгінген.

"Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігер - инфекционист мамандарымен конго қырым қанды геморрагиялық қызбасы расталған жағдай ауыр дәрежелі диагнозы қойылған. Қарым-қатынаста болған барлық отбасы мүшелері, қаралған медициналық мекемедегі қызметкерлер барлығы 14 күндік медициналық бақылауға алынды." Азамат Тасболтаев, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді