Алматыда ұрлықпен айналысып жүрген күдікті қылмыс үстінде ұсталды

Сурет: zakon.kz
Қалалық криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, күдікті Алматының Алатау ауданында ұрлық жасап жүрген.

Тапа-тал түсте Ақбұлақ ықшамауданындағы үйлердің біріне "қонақтап" барып, сол жерден әшекей бұйымдар мен жинақтарды ұрлап кеткен.

Қаскөйді жедел уәкілдер қылмыс үстінде ұстады. Оның келесі көшеде тұратыны анықталды. Күдікті қамауға алынды.

Оның басқа да ықтимал эпизодтарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді