Семей тұрғыны нанға телефон жасырып, сотталған ағасына өткізбек болған

Сурет: polisia.kz
Семейдегі №19 мекемеде тексеру тобының қызметкерлері кезекті тыйым салынған затты, ұялы телефон мен оған арналған қуаттағыш құралды тапты, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Семейдің тұрғыны сотталған ағасы Р.-ға аз уақытқа кездесуге келіп, оның өтініші бойынша нанға телефон тығып алып келген. Алдымен ол нанды екіге бөліп, телефонды ішіне салып, екі бөлігін сұйық қамырмен жабыстырып, қайта пісірген.

2020 жылы сотталған Р. достарымен бірлесіп, ақтаулық ауқатты кәсіпкердің әкесінен 80 миллион теңге өтемақы талап ету мақсатында қызын ұрлаған. Облыстық сот оны қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныды. 

Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125-бабы ("Адам ұрлау") бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сурет: polisia.kz

Ал сотталған ер адамның туысы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы ("Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру") бойынша әкімшілік жазаға тартылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді