Путин күзде Қазақстанға келмекші

Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Ресей президенті Владимир Путин күзде Қазақстанға келеді. Бұл туралы бүгін Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Дәурен Абаев пен Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағын, интеграциялық құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады.

Дәурен Абаев атап өткендей, ынтымақтастықтың стратегиялық сипаты екі елдің көшбасшылары арасындағы сенімді, шынайы және өте белсенді диалогты сипаттайды. Бұл тұрғыда РФ Президенті Владимир Путиннің ҚР мен РФ өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Қазақстанға күзге жоспарланған ресми сапарына үлкен мән беріледі.

Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін алдағы іс-шаралардың кестесі де талқыланды.

Кездесу соңында Сергей Лавров Дәурен Абаевтың Ресейдегі дипломатиялық жұмысына сәттілік тіледі.

Путин Владимир

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды