Бұл туралы Қызылорда
облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз
конференциясында облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат
Бердәулетов айтты.
"Науқан аясында 1 754 бала қаржылай, 3 156 балаға оқу құралдары, 485 балаға мектеп формасы, 196 балаға аяқ киім алынды. "Самұрық-Қазына" қорының бастамасымен 1-сыныпқа баратын 1 830 оқушыға рюкзак пен кеңсе заттары табысталды. Мұнан өзге, "Ел-арай" қорымен 500-ден астам балаға көмек беру жоспарланып отыр. Бүгінде жеке мектептердің аз қамтылған отбасынан шыққан 2000-нан астам баланың мәселесін шешу қарастырылып жатыр". Бағдат Бердәулетов
Сондай-ақ брифинг барысында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы айтылды. Жалпы аймақ бойынша жаңа оқу жылында 180 мың оқушы білім алады деп жоспарланып отыр. Бірінші сыныпқа – 17 543 бала қабылданды. Педагогтар саны – 23 086.
"Бүгінде барлық білім беру ұйымдары қажетті санитарлық-гигиеналық заттармен қамтамасыз етілді. Оқулық және оқу-әдістемелік кешендерге жергілікті бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлініп, 412 029 дана оқулық алынды. Бұған қоса, 25 тамызға дейін тасымалдау-тарату жұмыстары толық аяқталады. Мектептер толықтай интернет желісімен қамтамасыз етілді. Осы жылдың қаңтар айынан 1-4-сыныпта оқитын 70 173 және әлеуметтік осал отбасыдан шыққан 5-11-сыныптағы 16 777 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Бұл жұмыстар жаңа оқу жылында да жалғасады". Бағдат Бердәулетов