Ақтөбе облысында екі бала улы шөптен уланып қалды

Сурет: mgorod.kz
Ақтөбе облысында екі бала улы шөптен уланып қалды. Дәрігерлер балалар белладоннадан улануы мүмкін деп болжап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы 18 тамызға қараған түні аудандық ауруханаға Қобда ауданының Өтек ауылынан 5 және 3 жастағы балалар ауыр халде жеткізілгенін айтты. Бұл туралы "Мой город" порталы хабарлады.

"Балалар садақа кезінде ауылдың ішінде ойнаған, олар үйге сағат 18:00-дер шамасында келген. Жағдайы нашарлаған соң туыстары көмек сұрап, балаларды 04:00-де аудандық ауруханаға жеткізді. Содан кейін олар Ақтөбедегі ана мен баланы қорғау орталығына ауыстырылды. Балалардың жалпы жағдайы ауыр, сандырақтап жатыр, дене қызуы - 38 градус. Туыстарының айтуынша, балалар ұйықтай берген, көңіл-күйі жоқ". Рүстем Исаев

Денсаулық сақтау мекемесі басшысының айтуынша, дәрігерлер балалар белладоннадан уланған болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.

Балалардың жағдайы әлі де ауыр.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті