Түркістан облысында автокөлік бөлшегін қолды еткен күдікті ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ер адамның айтуынша, құны шамамен млн теңге болатын гараждың сыртында тұрған Газель автокөлігінің қозғалтқыш бөлшегін белгісіз біреу жымқырып кеткен.

Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша тіркеді. Осы қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Куәлардан сұрастырылып, үй айналасы тыңғылықты тексерілді.

Нәтижесінде полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады. Ол түлкібастық жұмыссыз, жас жігіт болып шықты. Белгілі болғандай, күдікке ілінген жігіт кешкі уақытта көлік жөндейтін орынның маңынан өтіп бара жатып, гаражға бас сұққан.

Ол гараж сыртында қараусыз тұрған автокөлік қозғалтқыш бөлшегін өзінің көлігіне тиеп, оқиға болған жерден "ізін суытқан".

Сақшылар қолды болған автокөліктің қозғалтқыш бөлшегін айғақты зат ретінде тәркілеп алды. Қазіргі таңда жас жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі