Шымкенттік бикеш елорда тұрғындарын арзан бағада жалға үй беремін деп алдаған

Сурет: Zakon.kz
Алматы аудандық ПБ-ның тәртіп сақшылары "Hi-Tech" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында астаналықтарды интернет-ресурстары арқылы алдап кеткен 26 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын анықтады.

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті "Krisha.kz" сайтына нарық құнынан төмен бағада елордада жоқ пәтерлерді жалға беру туралы хабарландырулар жариялағаны анықталды.

Ол пәтер жалдауға ниет білдіргендердің көптігін сылтауратып, жәбірленушілерден мобильді банкинг арқылы 10 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейінгі алдын ала төлемді аударуды сұраған.

Бүгінге дейін алданған астаналық 7 тұрғын полицияға жүгінген.

Мәселен, маусым айында сайтта жалған хабарландырулар орналастырып, жалға пәтер берем деген желеумен алаяқ 40 жастағы елорда тұрғынын алдап, 50 мың теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденген.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде басқа да зардап шеккендер анықталып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін