Арман Шаққалиев - Сауда және интеграция министрі

Сурет: gov.kz
Арман Шаққалиев Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Абайұлы Шаққалиев Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ол бұған дейін  ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

Арман Шаққалиев 1977 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Л.Гумилев атындағы Еуразия университетін ("заңгер" мамандығы), Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін ("экономист" мамандығы), М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін ("Стандарттау, сертификаттау және метрология"мамандығы) бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1998 жылы Астана және Ақмола облысы бойынша "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі" ААҚ заң кеңесшісі болып бастаған.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен, "Құрмет" орденінің иегері.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін