Ауа температурасы төмендеп, қар аралас жаңбыр жауады: 5-7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 5-7 қыркүйек күндеріне арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, синоптиктер алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, екпінді жел соғады деп болжап отыр.

"Қазақстан Республикасының солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында әлсін-әлсін нөсер жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын болады, 5 қыркүйекте ауық-ауық нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауады деп болжанды", – деп хабарлады синоптиктер.

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман түседі.

Ауа температурасы республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнде 2-10 градус жылы, күндіз 10-20 градусқа дейін сәл көтеріледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін