Астанада көмір қаншадан сатылып жатыр

Сурет: Zakon.kz
Елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астананың Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының отын-энергетика ресурстары бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов қаладағы көмір мәселесі туралы айтты.

Бүгінде Астанада тұрғындарға арналған 11 қойма мен 14 көмір сату пункті бар, олар толықтай тиісті инфрақұрылыммен және жүк тиеу техникасымен жабдықталған. Сауда орындарында 8 компания қызмет етеді. Көмір орындары бір күнде 21 459 тонна немесе 311 вагонды қабылдауы мүмкін.

"Жылыту маусымына дайындық және өткізу барысында көмір сатушылар 364 мың тонна көлемінде өтінім берді. Биыл 1 мамыр мен 6 қыркүйек аралығында қала тұрғындарына қажет 149 мың тонна көмір жеткізілді. Қазір көмір қоры - 22 мың тонна", - делінген Астана әкімдігі мәлімдемесінде.

Көмірдің орташа бағасы мынандай:

Сонымен бірге Астанада 109 нөмірі бойынша "жедел желі" жұмыс істейді. Осы желіге хабарласып, көмірдің қоры, бағасы және бар-жоғын білуге болады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды