Полицейлер жүргізушілерге жүгінді. Олар көлік жүргізу кезінде барынша мұқият болуды, жылдамдықты, қауіпсіз қашықтықты, маневр жасау ережелерін, сондай-ақ жол белгілері талаптарын сақтауды сұрады.
"Жүргізушілер үшін ең қауіпті нәрсе – көліктердің тежеу қашықтығын арттыратын дымқыл асфальт". Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Полицейлер жаяу жүргіншілерді де сақ болуға шақырды.
"Өз қауіпсіздігіміз үшін көшелерді белгіленген орындардан кесіп өтуге кеңес береміз. Жолды кесіп өту кезінде гаджеттерден үзіліс жасап, құлаққапты шешіп, жақындап келе жатқан көліктің жоқтығына көз жеткізген жөн." Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Сарапшылардың мәліметінше, 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 8,3 мың жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Ranking.kz зерттеуіне сүйенсек, жол-көлік оқиғалары көбіне Алматыда тіркелген: жыл басынан бері – 2 мың ЖКО.