Жамбыл облысында оқ-дәрі салынған сөмке табылды

Сурет: polisia.kz
"Қару" іс-шарасы аясында Жамбыл облысы Шу қаласының темір жол өткелінің жанында орналасқан қараусыз қалған ғимараттан сөмке табылды деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Табылған сөмкенің ішінен 12 калибрлі ИЖ екі ұңғылы тегіс ұңғылы мылтық, 12 калибрлі ТОЗ-63  кесілген қос ұңғылы мылтық, жарық шу гранатасы, 91 түрлі калибрлі патрон, 1 жұп тізе таңғыш және дене сауытының қабы табылды.

"Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі (Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды және сараптама тағайындалды". ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек