Жаркент билігі жұртты күлкіге қарық қылған билбордтың көзін құртты

Сурет: видеодан алынды
2023 жылы 13 қыркүйекте әлеуметтік желіде көптің көңілін көтерген видео тарады. Жаркент тұрғыны жаяу жүргіншілерге арналған тротуардың қақ үстіне орнатылған жарнамалық билбордты видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пушкин – Сыпатаев көшелерінің қиылысында түсірілген видео Жаркент қаласының Instagram парақшалырының бірінде жарияланған. 

"Қысқасы, бұл Жаркенттегі жағдай. Осылай келе жатасыз да тура жолмен, бір уақытта былай еңкейесіз (ары қарай жүру үшін - шамамен ред.) Онда тұрған не бар деші?!", - дейді автор видеода.


Күлкіге қарық болған желідегілер бұл жайтты әжуа-қалжыңға айналдыруға тырысты:

Zakon.kz редакциясы аталған жайт бойынша Панфилов ауданының әкімдігіне ресми сауалмен жүгінді.

"Сыпатаев-Пушкин көшелерінің қиылысында орналасқан билборд бұзып алынды. Енді жаяу жүргіншілер аталған тротуармен кедергісіз жүре алады", – деп сендіреді Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Қанағат.


Сондай-ақ, әкімдік жарнамалық билборд орнатылған орыннан түсірілген суреттерді де ұсынды.


Сурет: Жетісу облысы Панфилов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі



Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді