Түркістаннан көлік ұрлап, Шымкентке келе жатқан жас жігіт полицейлерге ұсталып қалды

Сурет: polisia.kz
Қала аумағында түнгі кезекшілікке түскен патрульдік полицияның №883 автоэкипажы Айбергенов көшесінің бойында Lada-21114 көлігін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жүргізуші маневр жасау кезінде бұрылу белгісін қоспағаны үшін көзге түскен. Тәртіп сақшылары жас жігіттің жеке құжаттарын тексеру барысында жүргізуші куәлігі жоқ екенін анықтады.

Аталған құқық бұзушылық үшін 20 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша хаттама толтырылды. Сонымен қатар көрші аймақтағы әріптестер жіберген бағыттамаға сәйкес полицейлер көліктің Түркістан облысындағы үйдің ауласынан жарты тәуліктен аз уақыт бұрын ұрланғанын анықтады.

Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері әл-Фараби аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобын шақырды. Көлік тәркіленіп, ер адам полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда көлік заңды иесіне қайтару үшін Түркістан облысының тәртіп сақшыларына берілді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды