Алматы полициясы қаладағы жаппай төбелеске қатысты түсінік берді

Сурет: видео скрині
Алматы полиция департаменті 2023 жылғы 15 қыркүйекке қараған түні Алматының Алмалы ауданында болған жаппай төбелеске қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, төбелеске қатысушылар анықталып, ұсталған.

Оқиғаға қатысушылардың бірі ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293 бабы 3 бөлігі бойынша тіркеліп, Алмалы аудандық полиция басқармасы тергеу амалдарын жүргізіп жатыр". Алматы полиция департаменті

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы көшелерінің бірінде жаппай төбелес болғаны көрінетін видео тарап жатқанын хабарлаған едік. Видео авторы төбелес кезінде бір адамның оқтан жарақат алғанын айтты.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады