Сақ болыңыз! Әділет министрлігі алаяқтар көбейгенін ескертті

Сурет: ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли өзін әділет органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып жүрген алаяқтар халықты сендіру үшін мемлекеттік қызметшінің ID карталарын көрсетіп жатқанын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Соңғы кезде алаяқтар азаматтарға хабарласып өздерін Әділет министрігінің басшылары немесе қызметкерлері ретінде таныстырып, жеке деректерін сұрауда. Осыған орай Әділет министрлігі бейтаныс азаматтарға немесе телефон шалған бөтен тұлғалар мен интернет-ресурстарға дербес деректері туралы (жеке куәлік деректері, ЖСН нөмірі, банк карточкаларының мәліметі, мекен-жайы) мәліметтерін таратпауды сұрайды".Талғат Уәли

Ол Әділет министрігінің қызметкерлері телефон арқылы азаматтардың жеке деректерін сұратпайтынын баса айтты.

Осындай фактілермен бетпе-бет келген болсаңыз, құқық қорғау органдарына хабарласуларыңыз қажет.

Әділет министрлігінің қызметі туралы қандай да бір ақпарат алғыңыз келсе, 119 нөмірі арқылы Call орталыққа хабарласуыңызға болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін