Синоптиктер Қазақстанда үсік жүреді деп болжады

Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 19-21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады.

Синоптиктердің болжауынша, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жауады, қар аралас жаңбыр жауады.

"20-21 қыркүйекте батыс антициклонының екпіні Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысына жауын-шашынсыз ашық ауа райын әкеледі, түнде және таңертең республиканың батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түседі деп болжанды". "Қазгидромет" РМК

Республиканың батыс облыстарында ауа температурасы түнде 5-18 жылы, күндіз 18-28 градустан 20-31 градусқа дейін көтеріледі.

Республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы түнде 3-11 градусқа дейін төмендейді, топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді, күндіз 13-25 градусқа дейін көтеріледі.

Орталықта түнде ауа райы 2-10 гралусқа дейін төмендейді, күндіз негізгі фон 13-21 гарудс болады,

Шығыста түнде негізгі фон 3-11, күндіз ауа температурасы 10-18 градусқа төмендейді,

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 8-13, таулы аймақтарда 2 аяз, күндіз 15-25, таулы аймақтарда ауа температурасы 5-10 градусқа дейін төмендейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Мемлекеттік кепілдік сақталады: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді