Астанада кәмелетке толмаған екі жасөспірім көліктен ұрлық жасаған

Сурет: ҚР ІІМ
Күндіз екі жасөспірім қаланы аралап, құлпы ашылған көліктерді іздеген. Сөйтіп, олар Абылай хан даңғылындағы автотұрақта көліктердің тұтқасын тартып көріп, құлпы ашылған көлікті тауып алады.

Автокөліктің ішіне кірген жасөспірімдер кабинадан Xiaomi Redmi телефонын көріп, оны бірден жымқырып кеткен. Дәл сол күні олар Момышұлы даңғылындағы үйдің ауласында келе жатып, ашық тұрған Volkswagen Golf көлігін тауып, одан әмиян ұрлап, 30 мың теңге шығын келтірген.

Сонымен қатар, бұзақылық ниетпен көліктің капотына және алдыңғы әйнегіне жазулар жазып, сызып кеткен. Жедел іздестіру шаралары барысында Алматы аудандық полиция қызметкерлері жасөспірімдердің жүрген жерін анықтады.

14 және 17 жастағы елорда тұрғындары істеген істеріне кінәлі екендерін мойындады. Айғақты заттар тәркіленіп, кәмелетке толмағандар ата-аналарына берілді. Елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады