Ақмола полицейлері ас көкнәрінен есірткі жасаған азаматты ұстады

Сурет: polisia.kz
Щучинск қаласының 51 жастағы тұрғыны өз үйінде заңсыз бизнес жасаған. Шикізат ретінде ер адам кәдімгі ас көкнәрді қолданып, ал алынған есірткіні тұтынушыларға сатқан, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмолалықтың қызметін қыркүйек айында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тоқтатты. Тұрғын апиын көкнәрінің тағы бір партиясын жасап жатқан жерінде ұсталды.

Ұсталған адамның үйінде полиция қызметкерлері есірткі жасауға арналған арнайы құрылғыларды тауып, тәркілеген. Барлық тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. 

Осы фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодекснің 297-бабы 1-бөлігі (Есірткі құралдарын заңсыз дайындау, өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Жәбірленуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Баптың санкциясына сәйкес, ақмолалық бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео