Үкіметте Ақтөбе облысында жаңа нысандар салу, инфрақұрылымды жаңғырту шаралары талқыланды

Сурет: primeminister.kz
Үкіметте өткен кеңесте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың 10 тамызда Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында берген тапсырмаларының орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталық мемлекеттік органдардың басшылары Ақтөбенің шеткері аударын дамыту, Ақтөбе мен Хромтауда кәріз-тазарту нысандарын салу, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, "Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын" автожолын реконструкциялау, "Қандыағаш – Шалқар – Ырғыз" тасжолын және өңірлердегі жергілікті жолдарды жөндеу бойыша жобаларды іске асыру туралы баяндады.

Сонымен қатар Ақтөбе мен Қарғалы су қоймаларын күрделі жөндеу жобалары, алты жаңа ірі су қоймасын салу жоспары, сондай-ақ "Бұхара – Орал" магистральдық газ құбырынан Ақтөбеге дейін 3-ші желіні салуды жалғастыру және 30 ауылдық елді мекенді газдандыру туралы баяндамалар ұсынылды.

Оған қоса Ақтөбеде жұқпалы аурулар ауруханасын салу, Ақтөбе облысының "Фельдшерлік рюкзак" жобасы бойынша тәжірибесін басқа өңірлерге тарату, "Alaqan mektep" қауіпсіздік жүйесінің пилоттық жобасын іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Ақтауда ер адам баласын ауруханаға жатқызудан бас тартқан дәрігердің жағасынан алды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі