Толық сұхбатты оқып, рингте жұлдызы жанып келе жатқан спортшы жайлы көбірек біліңіз.
- Қандай жетістігіңізді ерекше мақтан тұтасыз және қай шыңды бағындыруды армандайсыз?
- Мен үшін, ең алдымен, әуесқойлар арасында әлем чемпионы болу үшін еңсерген жолым маңызды. Жеңіп алынған атақ менің жұмысымның және жаттығуға деген адалдығымның дәлелі болды, бірақ бұл менің мүмкіндіктерімнің тек бастамасы ғана. Мен әлі де өз дивизионымда абсолютті әлем чемпион болу мақсатыма жету жолындамын.
Сондай-ақ, мен үшін өз елімді бокстан әлемдік деңгейге көтеру және Қазақстанда әйелдер арасындағы боксты дәріптейтін адам болу өте маңызды. Бақытымызға орай, қазір менде жаңа серіктесім – Parimatch түрінде қолдау бар. Мен спортшыларды құрметтейтін және олардың қандай қиындықтардан өтіп жатқанын түсінетін компаниямен жұмыс істей алатыныма өте қуаныштымын. Біз бірге әйелдер боксы мен салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосамыз деп үміттенемін.
- Сізде әуесқой бокста үлкен тәжірибе бар. Мұндай тәжірибе кәсіби мансапта қандай артықшылықтар береді?
- Менде 200-ге жуық әуесқой жекпе-жек болды. Вегастағы соңғы жиындарда бұл көрсеткішті естіген әріптестер мен жаттықтырушылар таң қалды. Мұндай тәжірибе маған кәсіпқой бокста тез бейімделуге көмектесіп, қарсыластарымды түсіну оңайға соқты.
Мен қазақстандық және әлемдік бокс тарихына үлес қосуды жалғастыру үшін одан да көп атақтарға ие болуды және ең мықты қарсыластармен шайқасуды армандаймын. Жақын арада Париждегі Олимпиадаға қатысамын деп үміттенемін. Тіпті, болмай жатса, мансабым және алға қойған өз мақсаттарым бар, оларға менеджеріммен және жаттықтырушыммен бірге нақты стратегия бойынша жүріп келеміз.
- Қазақстандық боксшылар тез танымал болуда. Олардың шетелдік спортшылардан айырмашылығы неде деп ойлайсыз?
- Қазақстандық бокс мектебі шынымен де ерекше назар аударуға лайық. Оның ерекшелігі: қатал тәртіп, өз ісіне деген адалдық және табандылық бізді басқалардан ерекшелендіреді. Біздің балалардың Ташкенттегі әлем чемпионатында көрсеткен нәтижелері оған дәлел. Биылғы жылы біз әлемдік бокста бірінші орынға ие болған ел атанғанымыз да айқын дәлел. Біз талантты және керемет спортшыларды өсірдік, сондықтан көптеген бокс мектептері бізді үлгі етіп, дайындығымыздың ерекшеліктерін пайдалануда.
- Неліктен қазақстандықтар әйелдер боксын жиі тамашалауы керек?
- Әйелдер боксы - бұл тек спорт қана емес, сонымен қатар әйелдердің күші мен өзіне деген сенімділігінің мықты символы. Көбінесе әйелдер ер адамдарға қарағанда бірнеше есе мықтырақ соққы жасайды, өйткені бізде басқа психология бар. Әйгілі боксшы әйелдерді атап өтуге болады: Лейла Али, Наталья Рогозина және Кристи Мартин. Өз уақытында олар рингте қандай тамаша өнер мен әсерлі шайқас көрсеткен! Олар біздің осы салада табысты бола алатынымызды дәлелдеді және мен олардың жолын жалғастыра алатын мүмкіндігіне ие болғанымды мақтан тұтамын. Бізге қарап, қыздар мен әйелдер үшін мүмкін емес дүние жоқ екенін көре алады.
- Өзіңіздің жанкүйерлеріңізге не айтар едіңіз?
- Мен барлық жанкүйерлеріме олардың қолдауы мен маған деген сенімдері үшін үлкен рақмет айтқым келеді. Мен рингке шыққан кезде сіздердің мықты қолдауларыңызды сезінемін. Сіздің қолдауыңыз менің мансабымның негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып табылады. Мен Қазақстанды лайықты таныстыру үшін жаттығулар мен жекпе-жектерде барлық 100% - ға барымды салып өнер көрсеуді жалғастырамын. Біз бірге алып күшпіз