Өзбекстанда 70-тен аса бала уланып аурухана түсті

Сурет: Zakon.kz
Өзбекстанда 70-тен аса бала уланып аурухана түсті. Олар Наманган облысындағы 9 балабақшаның бүлдіршіндері мен екі мектептің оқушылары.

Науқастардың дене қызуы көтеріліп, іші өткен. Әзірге олардың неден уланғаны туралы ресми ақпарат түскен жоқ.

Дегенмен ата-аналардың пікірінше, мәселе йод препаратынан болуы мүмкін. Елде бір аптадан бері балаларға йод беру бағдарламасы жүргізіліп жатыр.

Яғни, аптаның әр сәрсенбі күндері балаларға бұл препараттың профилактикалық дозасы беріледі.

Елдегі денсаулық саласына жауапты ведомство осы оқиғаға қатысты тергеуді бастады.

Мәселені денсаулық сақтау министрі жіті бақылауға алған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады