Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Сурет: gov.kz
ТЖ министрі бұйрығымен Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығы лауазымына Нұрғали Жүнісов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәлеметінше, өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары полковник Марғұлан Аманбаев Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамына жаңа бастықты таныстырды.

Жүнісов Нұрғали Сырлыбайұлы 1975 жылы 23 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қаратөбе ауылында дүниеге келген.

1998 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесінде "Өрт қауіпсіздігі" мамандығын бітірген.

Еңбек жолын ОҚО ІІБ жанындағы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының әскерилендірілген өрт күзеті жасағының №16 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінің инспекторы болып бастаған. 1997-2018 жылдары Түркістан облысы ТЖ департаментінде әртүрлі лауазымдарында қызмет атқарды.

2018 жылдан бастап Түркістан облысы ТЖД бастығы қызметін қазіргі кезге дейін атқарды.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді