Өмірінің 40 жылын әуеде өткізген Гүлсім Әбікенованың аты-жөні Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

Сурет: astanatv.kz
Гүлсім Әбікенованың өмірінің 40 жылы әуеде өткен. Ол 15 мың рет көкке көтерілген. Ол әлі авиация саласында еңбек етіп келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол кезінде 46 үміткердің ішінен сыннан сүрінбей өткен 12 адамның біреуі болыпты. Ол 1976 жылы арнайы оқу курсын тәмамдап, Қостанай әуе кәсіпорнында алғаш ұшақ бортсерігі қызметін бастаған. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.

"Авиация саласындағы еңбек өтілім 46 жыл. Еңбек жолымды осы Қостанай әуе кәсіпорынында 19 жасымда бастадым. Неше сағат екенін есептеген емеспін, бірақ 15 мың рет әуеге көтеріліппін". Гүлсім Әбікенова

Ол өзінің күйеуімен де әуежайда танысқан. Санкт-Петербургтегі Азаматтық авиация академиясында арнайы курсты тәмамдаған соң шет мемлекеттерге тұрақты ұша бастаған. Әуе қызметінде жұмыс істейтіндердің отбасына арнайы ұшақ билеттері беріледі екен. Соның арқасында көптеген жерді араладық дейді. Тәжірибесі мол, білікті маманды әріптестері қадір тұтады.

"Гүлсім Асқарқызы біздің әуежайдың бойтұмары. Өте ақылды.Жауапты. Көп жыл еңбек етті. Әлі де жұмыс істеп жүр". Әріптесі Маржан Аманболғанқызы

Қазір Гүлсім Әбікенованың есімін Гиннес рекордтар кітабына енгізуді ұсынып жатыр екен. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады