Ақтөбеде "Гүлдер әлемі" гүлдер фестивалі өтті

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Абай даңғылы гүлге толды, әдемі гүлдер көздің жауын алды. Ақтөбеде "Гүлдер әлемі" атты фестиваль өтті.

Оған қала кәсіпорындары, жеке кәсіпкерлер, оқу орындарының, балабақшалар мен мектептен тыс ұйымдардың ұжымдары, сондай-ақ әуесқой гүл өсірушілер қатысты.

Қатысуға барлығы 250 өтініш түсті.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Әдемі шараға қала әкімі Азамат БЕКЕТ келіп, көрмені тамашалап, бағбандармен және гүл өсірушілермен әңгімелесті, оларды мерекенің ашылуымен құттықтады.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі

"Бұл "Гүлдер әлемі" фестивалі ақтөбеліктер үшін дәстүрге айналды, танымдық іс-шара табиғатқа ұқыпты қарауға үйретеді, қоршаған ортаны қорғауға баулиды. Біздің сүйікті қаламызда шығармашылыққа бейім, табиғаттың әдемілігін жеткізе алатын талантты жандар бар. Біз осы гүл өсірушілерді, бағбандарды тарта отырып, қаланы абаттандырамыз", - деп атап өтті Азамат Бекет.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Фестиваль қатысушылары үздік гүл композициялары үшін 12 номинация бойынша марапатталды.

Бүгін қала тұрғындары көрме-жәрмеңкеде гүл ғана емес, шай мен балдың түрлі сорттарын, көпжылдық көшеттерді де сатып алуға мүмкіндік алды.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Іс-шара жергілікті мәдениет қызметкерлерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді