Жетісу облысында мешіт имамдарының қызметіне кедергі жасаған екі тұрғын жазаланды

Сурет: zakon.kz
Жетісу облысында мешіт имамдарының қызметіне кедергі жасаған екі тұрғын жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл облыста "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заңнаманы бұзудың 8 фактісі тіркеліп, 3 құқық бұзушыға әкімшілік жаза қолданылды. Жекелеген фактілер бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр, қажетті діни сараптама тағайындалды. Соңғы процессуалдық шешім сараптама нәтижесі бойынша тікелей қабылданады.

"Панфилов ауданының Жаркент қаласында діни бірлестіктердің ішкі тәртібін сақтамау және мешіт имамдарының қызметіне кедергі жасау фактісін мысал ретінде келтіруге болады. Сот екі жергілікті тұрғынды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабында ("Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу") көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, құқық бұзушылардың әрқайсысына 172 500 теңгеден айыппұл салды". Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Болатбек Болысбеков

Сондай-ақ Ескелді ауданында жарылғыш зат қойылғандығы туралы көрінеу жалған хабарлама бойынша факті тіркелген. WhatsApp мессенджерінде белгісіз адам Қарабұлақ ауылындағы жалпы білім беретін мектептердің біріне бомба қойылғандығы туралы хабарлама таратып, оқу процесі тоқтатылды.

Көрсетілген факті бойынша тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына ("Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау") сәйкес жалғасып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды